MS Word құжатымен негізгі операциялар және мәтін енгізу

Сабақтың тақырыбы: MS Word құжатымен негізгі операциялар және мәтін енгізу
Сабақтың мақсаты:
•  Microsoft Word мәтіндік  редакторында  мәтін теру ережелерін түсіндіру, нышандар, ережелер және бөлімдер туралы жалпы түсінік беру;
•  Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыс орындау кезінде тиімді пайдалана білуге, алға  қойған мақсатқа жету, оқушылардың ойын дамыту;
•  Сабақтарда оқушылар өзін-өзі бағалауға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Cабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: компьютермен практикалық жұмыс, «сөзжұмбақтар», сұрақ-жауаптар
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып тазалығына көңіл бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысы. MS Word–пен танысу
Сұрақтар:
MS Word-іске қосу

2. Сақталған құжатты ашу. (Файл – открыть)

3. Құжатты сақтау жолы (Файл – сохранить)

4. Құжатты баспаға шығару (Файл – печать)


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
5. Терезе элементтері

ІV. Жаңа сабақ
MS Word-қа мәтінді енгізу
Ms Word – та құжат құру үшін мына үштік құрам қажет:
Нышандар, ежелер және бөлімдер.
•  Құжат бір немесе бірнеше бөлімнен тұрады,
•  Бөлім – бір немесе бірнеше ежеден тұрады,
•  Еже – бір немесе бірнеше нышандардан тұрады.
MS Word терезесі

Стандартты үстелі

Форматтау үстелі

1. «Жұмбақ сөз» ойыны
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым – жырт
                               дел – сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сыбдырламас жапырақ.
Тынығарсың сен дағы
Сабыр қылсаң азырақ.
2. «Жалғасын тап» ойыны
Мақал–мәтелдердің жалғасын тауып, компьютерде орындау
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Көз қорқаақ, қол батыр.
3. Еңбек етсең ерінбей,
    Тояды қарның тіленбей.
4. Денсаулық,  зор байлық.
5. Әке – көрген оқ жонар,
    Шеше көрген  – тон пішер.
V. Сергіту сәті:
Сиқырлы пернелер
1. Shift - Бас әріп жазу үшін
2. Enter – төменге түсу үшін
3. Caps Lock – Бірыңғай үлкен немесе бірыңғай кіші әріппен жазады
4. Backspace – сол жақтағы символды өшіру үшін
5. Delete – оң жақтағы символды өшіреді
6. Num Lock – цифрды енгізу үшін
3. «Ұшқыр ой» ойыны
Ертегі «Аңдар жарысы». Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп, жаз.

4. «Адасқан құрылғылар» ойыны
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізу үшін, джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі;
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады;
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады;
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады;
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады;
8. Плоттердің екінші аты график сызғышы.
5. «Кім жылдам» ойыны
Тест тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса  фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
1. Қаріп сұхбат терезесі қай қосымшада орналасқан?
Құралдар, файл, пішім, көрініс, түр
2. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?
Сары, күлгін, қызыл, жасыл, көк.
3. Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтімі қандай болады?
.doc, .bmp, .avi, .txt, .ppt
4.  Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінің қай қосымшасынан табуға болады?
Кесте, өңдеу, файл, пішім, терезе, түр.
VI. Сабақты қорытындылау
Тест
1. Аспаптар панеліндегі  батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) жаңа құжатты құру                  Б) құжатты ашу             С) алдын-ала көру
2. Аспаптар панеліндегі  батырмасы мына әмірге сай келеді:
А) жаңа құжатты ашу                      Б) құжатты ашу          С) алдын-ала көру
3. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) көшіру                 Б) қою                  С) жаңа құжатты ашу
4. Аспаптар панеліндегі  батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) алдын-ала көру                Б) қайталау                   С) болдырмау
5. Аспаптар панеліндегі   батырмасы мына әмірге сай келеді:
А) мәтіннің курсивтік кескіні
Б) мәтіннің жартылай жуан кескіні
С) асты сызылған қаріп
6. Мәтіндік процессормен жұмыс кезінде мәтінді теру мынаның көмегімен жүзеге асады:
А) пернетақтаның                   Б) тінтуірдің                 С) принтердің(жазғының)
7.  Қандай аспаптар панелі құжат файлын сақтау, көшіру және т.б.     әмірлерден тұрады:
А) стандарттық               Б) форматтау           С) сурет салу
8. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) жаңа құжат құру          Б) құжатты сақтау                   С) алдын-ала көру
9. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) қию                   Б) көшіру            С) қою
10. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:        
А) қою                  Б) көшіру            С) құжатты ашу
11. Аспаптар панеліндегі   батырмасын мына әмірге сай келеді:
А) қайталау                  Б) болдырмау                 С) алдын-ала көру
12. Аспаптар панеліндегі   батырмасын сай мына әмірге келеді:
А) мәтіннің курсивтік кескіні      Б) асты сызылған мәтін        С) мәтіннің жартылай жуан кескіні
«Сөзжұмбақ» шешу
1. Байттардың жиынтығы арқылы қатты немесе иілгіш магниттік дискіге жазылған атау
2. Экранда пайда болатын объектілер тізімі
3. Ақпаратты бейне бетке шығаратын құрылғы
4. Құжатты көшірмелеу құрылғысы
5. Компьютерді телефон желісіне қосу үшін пайдаланылады.
6. Қоршаған ортадан алынатын мәліметтер жиыны.


VII. Үйге тапсырма
§ 15 Word – қа мәтін енгізу
«Менің досым» тақырыбында шығарма жазып келу.скачать dle 12.1


Данную страницу находят по следующим ключевым словам:
microsoft word құжаттарды құру және форматтау реферат

Көп қаралған материалдар