Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі


 

Пәні

Информатика

Сыныбы:

5

Тақырыбы:

Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Мақсаты:

Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс

«Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс

ПЖ-ны нақты ОЖ-ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит-программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіру

Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер:

компьютер, инт.тақта,  топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ресурстар

 

 

 

 

 

 

Басталуы

  • Сәлемдесіп,  оқушыларды түгендеп журналға белгі қою
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
  • Тренинг: «Қар бұрқасыны»
  • Сынып әртүрлі фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді
  • «Серпілмелі сауалдар» өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
  1. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?
  2. Компьютердің қосымша құрылғыларына не жатады?
  3. Принтер не үшін қолданылады? Принтердің түрлеріне анықта  бер
  4. Сканер не үшін керек?
  5. Модемдер қандай қызмет атқарады?
  6. Дискілердің қандай түрлері болады? Ең кіші көлемді дискіні атаңдар
  • Сынып үш топқа бөлінеді

 

 

 

оқушылар бірін – бірі бағалайды, қателерін түзетеді.

ойланады, шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

1 – топ. Жүйелік программалық жабдықтама

2 – топ. Қолданбалы программалық жабдықтама

3 – топ. Программалау жүйелері

 

слайдта көрсетілетін анықтамалар

Жүйелік программалық жабдықтама

          Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманыжүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :

  1. Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық  жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
  2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
  3. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

          Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Программалау жүйелері

          Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

         Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

 

Жаңа сабақтың материалдарымен танысады, оқиды. Топ ішінде талқылап топ ішінен бір оқушы шығып түсіндіреді.

 

топтар бірін бірі бағалап, пікір айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс: 63 бет

А – деңгейі. 3 топ бөліп орындайды

В, С деңгейін  бірдей орындайды

 

Тест жұмысы. Жаңа сабақты қорытындалау барысында тест жұмысын орындайды

 

Топтағы бағалаушы әр оқушының балын есептеп, бағасын айтады, Журналға баға қою

Топтағы оқушылар бірігіп тапсырмаларды орындайды

Тақтада көрсетілген жауап арқылы тапсырмаларын сағат тілімен айналдыру арқылы келесі топтар тексеріп, балып қояды

 

 

 

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

Көз жұмып ойлану

оқушылар көздерін жұмып, мына сұрақтарға іштей жауап береді:

  • Мен бүгін не білдім/үйрендім?
  • Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?
  • Мен үшін не ең қызық болды?
  • Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе?

«Сабақтағы қиындықтар» кестесі

Тақырып

Қиын болды

Мұғалімнің ұсынысы

 

 

 

 

 

 

 

оқушылар іштей сұрақтарға жауап беру арқылы кестені толтырады



скачать dle 12.1

Көп қаралған материалдар